00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионын нокаутпен жеңді

24.02.2023 | 18:38
Елорда ақпарат
23

Отандасымыз бұл жолы франциялық Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) қолғап түйістірді. Орта салмақта өткен жекпе-жек он раундқа есептелген. Алайда, сегізінші раунда Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Француз боксшысы үшінші раундта нокдаун алған еді.

Осылайша, Жәнібек кәсіпқой бокстағы 11 жеңісіне жетіп, «WBO Global» чемпионы титулын қорғап қалды. Ал «WBA Regular», «WBO Interim» және «WBC Silver» нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы француз Хассан Ндам Нжикам кәсіпқой карьерасында алтыншы реті жеңілді.

Барлық жаңалықтар