00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандықтар жыл басынан бері 22 837 құйма сатып алған

24.02.2023 | 18:14
Елорда ақпарат
23

Құнды металдардың ішінде ең танымалы – алтын. Бұл металл түрі қай заманда да құнды болған. Бағзы заманда да алтын үшін таласқандар да, адамның құнын алтынмен бағалағандар да аз болмаған. Бүгінде Қазақстанда 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық құймалар сатылады. Ал сатып алушылар арасында ең танымалы 10 грамдық құйма екен. Оның жалпы сатылым көлеміндегі үлесі шамамен 29%-ды немесе 18 672 дананы құрайды.

Өткен айда қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алғаны жөнінде есепті жариялаған Ұлттық банк 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 822,9 килограм болатын 22 837 құйма сатылғанын айтады. Тек қыркүйек айында өткен 2 578 құйманың жалпы салмағы – 108,3 кг. Одан кейін халық көп сұрайтын құйма түрі – салмағы 100 грамдық құйма.

«Бағдарлама басталғалы бері 100 грамдық 15 001 дана (23%) құйма, кейін 20 грамдық құймадан – 12 750 дана (19%), 5 грамдық құймадан – 10 933 дана (17%), 50 грамдық құймадан – 8 000 (12%) дана сатылды. Көбінесе, алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларының тұрғындары арасында сұранысқа ие», - делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада.

Ұлттық банктің мәліметінше, алтын құйманы сату бағдарламасы жүзеге асқалы аумақтық филиалдар жалпы салмағы 21,9 кг. 229 құйманы кері сатып алуға қабылдаған. Ал екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттері жалпы салмағы 236,9 кг өлшенген 9 484 құйманы кері сатып алған, бұл жалпы құймалардың 14%-ын құрайды.

Барлық жаңалықтар