00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде ауызсумен ең аз қамтылған өңірлер аталды

24.02.2023 | 18:08
Елорда ақпарат
39

2020 жылдың қорытындысы бойынша елімізде сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 94,1%-ды құрады. Оның ішінде ауылдарда - 90,1%, қалаларда - 97,5%. Осы жылдың жоспарлы көрсеткіштері ауылдарда – 91,8%, қалаларда - 98% болды.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, еліміздің жекелеген өңірлерінде артта қалушылық байқалады. Ауыл тұрғындарын ауызсумен қамтудың ең төменгі деңгейі Қостанай облысында - 64,7%, Шығыс Қазақстан облысында - 81,4%, Солтүстік Қазақстан облысында - 82,1% және Жамбыл облысында - 82,2% байқалады.

«Еліміздің түрлі өңірлерінің тұрғындары таза ауыз суға, табиғи газға, көлік инфрақұрылымына қолжетімділіктің әртүрлі деңгейіне ие. Осы теңсіздікті жою бойынша жұмыстарды жандандыру қажет. Осыған байланысты, қамтамасыз етілу көрсеткіштері төмен өңірлерге басым негізде қаражат бөлінеді. Бұл артта қалған өңірлер көрсеткіштерінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде», – деді Қайырбек Өскенбаев.

Спикердің айтуынша, «Ауыл – Ел бесігі» және өңірлерді дамытудың кешенді жоспарларына енгізілген ауылдар мен жобаларға басымдық беріледі. Ел бойынша барлығы 6 316 ауыл, оның ішінде 3 991 ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Ал 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. Қамтамасыз етілмеген 1 922 ауылдың 793-інде орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысын жалғастыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, 1129 ауылда суды тазартудың жергілікті жүйесі орнатылады.

Биыл тағы 148 ауылды орталық сумен қамтамасыз ету және халқы аз 220 ауылға КБМ орнату жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар