00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14%-ға дейін қысқарады

24.02.2023 | 18:04
Елорда ақпарат
54

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары жасалған болатын. Бұл жоспарға сәйкес нысандардың 50%-ы осы жылдың соңына дейін, 30%-ы – 2022 жылы және 10%-ы 2023 және 2024 жылдары жекешелендіруге шығарылады.

Министрдің айтуынша, 108 нысан сатылымға қойылды және 13 нысан қайта ұйымдастыруға және таратылуға жіберілді. Алдағы уақытта 382 нысанды өткізу керек. Бұған дейін Қаржы министрі жыл басынан бері 2 765 аудиторлық іс-шара өткізілгенін және 156 млрд теңге сомасына қаржылық заңбұзушылықтар анықталғанын хабарлаған еді.

Әрбір жекешелендіру нысаны бойынша сатудың жол карталары әзірленіп, мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілді. Мемлекеттік мүлік комитетінің электрондық алаңында ашық сауда-саттық арқылы жекешелендіру қарқынды жүріп жатыр. Жалпы алғанда, бұл шаралар 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін 14%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар