00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

БАҚ туралы заңға қандай түзетулер енгізіледі?

24.02.2023 | 17:54
Елорда ақпарат
49

«Ақпарат министрлігі БАҚ саласындағы ағымдағы жағдайды, халықаралық тәжірибені зерделеп, заңнамаға өз түзетулерін дайындауда. Жаңа заңды әзірлеудің мақсаты – отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау және журналистердің құқықтарын қорғау», - деді Кемелбек Ойшыбаев.

Вице-министрдің айтуынша, министрлік өз алдына келесі міндеттерді қояды:

Шетелдердің БАҚ саласындағы халықаралық тәжірибесін және оларды қолдану практикасын зерделеу;

Отандық заңнаманы «сөз бостандығы» мәселелерін реттейтін халықаралық құқық нормаларына сәйкес келтіру;

Ақпарат құру, алу және тарату процестерімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу;

БАҚ мәселелерін реттейтін ҚР қолданыстағы заңнамасындағы олқылықтар мен қайшылықтарды жою.

«Қазір министрлікте зерделеніп жатқан және біздің көзқарасымыз бойынша заңнаманы жетілдіру қажет мәселелерге тоқталғым келеді. Олардың кейбіреуі бойынша бізде пайымдау қалыптасқан. Бірақ ол жұртшылықпен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс», - деп сөзін түйіндеді Кемелбек Ойшыбаев.

Барлық жаңалықтар