00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Биржа кәсіпкерлерді «дөңгелек үстелге» шақырады

24.02.2023 | 17:29
Елорда ақпарат
43

Биржа Нұр-Сұлтан қаласының, Маңғыстау, Павлодар және Жамбыл облыстарының кәсіпкерлерін 3 қараша күні «ZOOM» платформасы арқылы онлайн-конференция форматында өтетін дөңгелек үстелге шақырады. Шара сағат 15:00-де басталып, 16.45-те аяқталады. 

“Дөңгелек үстел” барысында кәсіпкерлер мен компания басшылары қор нарығының құралдары арқылы қаржыландыруды тарту мүмкіндіктерімен танысады. Кәсіпорынның қор нарығына шығуы кәсіпорын дамуының маңызды кезеңі болып табылады. Бұл бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер тудырады. Ол үшін қаржыландыруды тартудың ең қолайлы жолдарын компания өзі анықтайды. Бұл жағдайда акцияларды орналастыру немесе облигациялар шығаруға болады.

“KASE” өкілдері қор нарығы арқылы қаржыландыру құралдары туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Бұл компанияға жоспарларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін капиталды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кәсіпкерлер қор биржасына кіру критерийлерімен танысады. 

Дөңгелек үстелге тіркелу үшін https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe2V48B-YApUOKxSqsogIyW1e-Fm31RF3bqvx7YLmhXa9SW9g/viewform?usp=pp_url сілтемесі бойынша өту немесе ақпаратты (тегі, аты, компаниясы, лауазымы, электрондық пошта мекенжайы) customer@kase.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Қосымша ақапарат үшін +7 7272375320 және +7 7014013804 телефондарына; a.kalitova@kase.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша Айнұр Калитоваға хабарласуға болады.

Барлық жаңалықтар