00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандық вайнерлер жарнамалаған компания қаржы пирамидасы болып шықты

24.02.2023 | 17:07
Елорда ақпарат
34

Биылғы 27 сәуір күні полицияға бір топ адам ASTEX.KZ ЖШС, ACD technology ЖШС-ға қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша арыз түсірген. 

Сотқа дейінгі тергеу барысында 2019 жылғы ақпаннан 2021 жылғы қаңтарға дейін аталмыш ЖШС-лардың лауазымды өкілдері мемлекеттік сатып алуға қатысу желеуімен қаражат тарту үшін жеке және заңды тұлғалармен келісімшартқа отырғаны анықталды. Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар әр салымшыға ай сайын олар салған салымның 20%-ын төлеп отыруы керек болған.

Осыған байланысты аталмыш қылмысқа қатысы бар деген төрт күдікті ұсталып, үшеуі қамауға алынды. 

Одан бөлек, ASTEX.KZ компаниясына 160 салымшыдан түскен 2 миллиард теңгеден астам қаражан басқа компания, дәлірек айтсақ, Mudarabah Capital ЖШС арқылы түсіп отырған.

Естеріңізге салсақ, Mudarabah Capital компаниясын бұған дейін Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзиз Саидбаев атты танымал қазақстандық вайнерлер “тиімді ислами инвестициялар” ретінде жарнамалаған болатын.

Барлық жаңалықтар