00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Биыл 16,1 млн. тонна астық жиналады – АШМ

24.02.2023 | 16:51
Елорда ақпарат
47

«Орташа өнімділік гектарына 10,2 центнерді құрап, 16,1 млн. тонна өнім бастырылды. Оның 11,8 млн. тоннасы – бидай. Сондай-ақ, жиналған дақылдардың 1,6 млн. тоннасы майлы дақылдарға, 3,8 млн. тоннасы картопқа, 4,6 млн. тоннасы көкөніске, ал 2,6 млн. тоннасы бақша дақылдарына тиесілі», – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінде.

Негізгі астық егетін өңірлер - Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 11,6 млн. гектар жиналды. Бұл аталмыш өңірлердегі жалпы жинау алаңының 100 пайызын құрайды. Әр гектардың орташа берекелігі 8,8 центнерге жетіп, 10,1 млн. тонна бастырылды.

«Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жеңілдетілген бағамен 396,5 мың тонна дизель отыны бөлінді. Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыс операторларын МӨЗ-ге бекіту кестесі жасалды. 22 қазандағы жағдай бойынша шілде-қазан айларының кестесіндегі 396,5 мың тоннаның 93%-ы тиелді», – делінген ведомство мәліметінде.

Республикадағы астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,4 млн. тоннаны құрайды. Оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12,8 млн. тонна, ауыл шаруашылығы өндірушілерінде 16,6 млн. тонна. 15 қазандағы жағдай бойынша 3,5 млн. тонна астық сақтауға жөнелтілген.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, күзгі орақ науқаны жоспарға сәйкес аяқталды. Жиналған дақылдардың сапасы жоғары көрсеткішке ие екенін атап өткен жөн.

Барлық жаңалықтар