00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандықтар ас-ауқатты азайтып, дүние-мүлік сатып алуды көбейтті

24.02.2023 | 16:43
Елорда ақпарат
52

Өңірлерге шақсақ, ритейлдің үштен бір бөлігі Алматыға тиесілі: мұнда оның тоғыз айдағы көлемі 2,9 трлн теңгені құрайды.

Нұр-Сұлтанда да бөлшек сауданың көлемі айтарлықтай үлкен, 1 трлн теңгеден сәл асады.

Барлық өңірде де бөлшек сауда көлемі былтырғы көрсеткіштен көбірек. Ең елеулі өсім Алматыда (12,6%) тіркелді, одан кейінгі орында Шымкент пен Маңғыстау облысы (8,1%) келеді.

Ең төменгі өсім Солтүстік Қазақстан (0,2%), Ақмола және Алматы облыстарында (0,6%) байқалды.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлардың үлесі басым. Олар биылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында барлық ритейлдің 64%-ын (5,9 трлн теңгені) құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен 10,1%-ға артық.

Азық-түлік тауарларынан 3,3 трлн теңге түскен. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға аз.

2021 жылғы қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында азық-түлік тауарларының бағасы былтырғы кезеңмен салыстырғанда 10,8%-ға өсті. Бұл кейінгі бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып есептеледі.

Ал азық-түлік емес тауарлар орташа есеппен 6,5%-ға қымбаттаған. Бұл – кейінгі үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Барлық жаңалықтар