00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бірқатар өңірде атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған

24.02.2023 | 16:15
Елорда ақпарат
56

Министр өз сөзінде табысы аз отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеу үшін биыл 82 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.

Оның айтуынша, жергілікті бюджетті қоса қаржыландыру 15,2%-ды немесе 12,6 млрд теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмек төлемін 20% және одан жоғары мөлшерде қоса қаржыландыруды 5 өңір ғана қамтамасыз еткен (Нұр-Сұлтан қ. – 2,4%, Маңғыстау – 3,1%, Түркістан – 5,7%, Ақмола – 8,4%, Атырау – 13%, Алматы қ. – 14,4%, Қызылорда – 14,8%, Шығыс Қазақстан – 15,4%, Батыс Қазақстан – 15,6%, Павлодар – 16,3%, Қостанай – 16,5%, Жамбыл облыстары – 17,8%).

“АӘК тағайындаудың негізділігін тексеру үшін министрлік оңтүстік өңірлерге (Шымкент қ., Алматы қ., Алматы облысы) мониторинг жүргізді, оның барысында заңнаманы өрескел бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, АӘК тағайындау қағидатын бұзуға, жұмысқа орналастыру бойынша тікелей міндеттерді орындамауға жол берілген, жәрдемақы мемлекеттің қосымша қолдауына мұқтаж емес тұрмыс жағдайы жақсы отбасыларға тағайындалған. Сондай-ақ, АӘК заңсыз тағайындау фактілері, яғни өтініш беру кезінде жұмысы бар адамдардың кірістері жоқ деп көрсетілгені анықталды. Сонымен қатар, 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта табыстың өзгеруінің 18 фактісі анықталды, соның нәтижесінде көмек негізсіз тағайындалды”, – деді Серік Шәпкенов.

Алдын ала есептеулер бойынша артық төлем 3,4 млрд теңгені құраған.


 

Барлық жаңалықтар