00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда дәретхана қағазы қымбаттап кетті

24.02.2023 | 16:15
Елорда ақпарат
47

Өндірістің ең көп көлемі Алматы облысына тиесілі, бұл өңірде биылғы сегіз айда 19,3 млрд теңге сомасында қағаз өнімдері өндірілген (бір жыл ішінде өндіріс 38,7%-ға артқан). Үздік үштікке Алматы (16,9 млрд тг, плюс 26,6%) және Шымкент (5,3 млрд тг, плюс 4,7%) қалалары да кіреді.

Бүгінде қағаз және одан жасалатын өнімдерді өндіретін және қайта өңдейтін отандық компаниялар қатарына «Kagazy Recycling» ЖШС, «Эмкор Спешиелти Картонз Казахстан» ЖШС, NUR KAGAZY ЖШС, «Производственно-полиграфический комбинат Парус» ЖШС, «КАРИНА TRADING» ЖШС секілді ұйымдарды жатқызуға болады. 

Кейбір қағаз өнімдерінің өндірісі айтарлықтай өскен. мысалы, горфирленген, перфорацияланған қағаз бен қатырма қағаз өндірісі бір жыл ішінде 74,8%-ға бір-ақ өсіп, 37,5 мың тоннаны құрады. Сондай-ақ қағаз майлықтар мен сулықтар өндірісі 10%-ға, қағаздан жасалған қорап, жәшік және сөмке өндірісі 4,7%-ға өсті. 

Ал қағаз сүлгілер өндірісі 6,6%-ға (3,5 мың тонна), дәретхана қағазы өндірісі 9,7%-ға (23,8 мың тонна) қысқарды.

Биылғы алғашқы жеті айда отандық компаниялар халықтың дәретхана қағазына, қағаз сүлгілерге, беторамалдарға сұранысын 68,7%-ға қанағаттандырды, былтыр бұл көрсеткіш 72,2% болған. Бұл кезеңде өндіріс 9,1%-ға азайды. Ал импорт, керісінше, 7,9%-ға өскен.  

Биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша, дәретхана қағазы бір жылда 5,9%-ға қымбаттаған. Бәрінен бұрын бұл қымбатшылық Жамбыл (11,9% қымбаттаған), Шығыс Қазақстан (10,8%) және Атырау (9,1%) облыстарының тұрғындарына көбірек батты.

 

Барлық жаңалықтар