00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандықтардың 90 күннен аса қайтармай жүрген несиесінің көлемі қанша

24.02.2023 | 16:09
Елорда ақпарат
56

Мерзімі кешіктірілген микронесиелер көлемі 11,1 млрд теңгені құрады, оның 8,3 млрд теңгесін жеке мақсатқа, 2,7 млрд теңгесін бизнес үшін алған. Мерзімі өткен несиелердің көлемі жалпы микронесиелер көлемінің 2,1%-ын қамтиды.

Мерзімі кешіктірілген 11,1 млрд теңге микронесиенің 8,1 млрд теңгесі – 90 күннен асқан қарыздар. Оның 6,7 млрд теңгесін жеке тұлғалар пайдаланған. Бұл – жеке мақсатқа берілген жалпы микронесие көлемінің 4%-ын құрайды.

Заңды тұлғаларға беріліп, 90 күннен аса мерзімі кешіктірілген микронесиелер көлемі 1,4 млрд теңгені құрады, бұл – жалпы микронесие көлемінің небәрі 0,4%-ы.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда берілген барлық микронесиенің үштен бірі жұмыс істеп тұрған 218 микронесие ұйымының тек 20-сына тиесілі.

Көлем жағынан алғашқы орында – ENRC Credit несие серіктестігі, оның үлесіне сектордағы қарыз портфелінің 27,2%-ы келеді. Одан кейінгі орындарда «Оңтүстік Финанс-Ресурс» (64,1 млрд тг) пен «Самал Финанс» (41,1 млрд тг) тұр.

Барлық жаңалықтар