00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандық бозбалалардың күнкөріс минимумы қыздардікінен 30%-ға көп

24.02.2023 | 15:49
Елорда ақпарат
42

Күнкөріс минимумы тамыз айына қарағанда 1,3%-ға, ал 2020 жылғы қыркүйекке қарағанда 12,7%-ға өсті. Жыл басынан бері, керісінше, 2,3%-ға қысқарды. 

Өңірлер бойынша қарастырсақ, ең жоғары күнкөріс минимумы бұрынғыша Маңғыстау облысында тіркелген, мұнда әр маңғыстаулықтың өмір сүруіне кемінде 47 400 теңге керек. Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан (44 100 тг) мен Алматы (43 700) тұр.

Павлодар облысындағы күнкөріс минимумы былтырға қарағанда айтарлықтай, дәлірек айтсақ 21,7%-ға өсті. Мұндай өсу Жамбыл (17,1%) және Батыс Қазақстан (15,8%) облыстарында да тіркелді. 

Әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша бөлсек, 13 жасқа толмаған балалар ең төменгі күнкөріс минимумына ие: олардың бір айдағы қажеттіліктерінің құны кемінде 35 300 теңгені құрайды. Ал ең жоғары күнкөріс минимумы 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге тән: олар толыққанды өмір сүру үшін айына кемінде 50 100 теңгені қажетсінеді. Ал дәл осы жастағы қыз балалардың күнкөріс минимумы бұдан 30,5%-ға аз, яғни небәрі 38 400 теңге.

18 жастан асқан еңбекке қабілетті ерлердің күнкөріс минимумы 43 700 теңге болса, әйелдердікі – 37 500 теңге. 

Зейнеткерлер мен қарт адамдардың өмір сүруіне айына кемінде 37 200 теңге қажет.

 

 

Барлық жаңалықтар