00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде риелторлардың айы оңынан туып тұр

24.02.2023 | 15:46
Елорда ақпарат
43

Өңірлер бойынша қарастырсақ, барлық көрсетілген қызмет көлемінің үштен бірі елорданың үлесіне тиеді: мұнда алты ай ішінде жылжымайтын мүлік операцияларына қатысты 179,4 млрд теңгеге қызмет көрсетілген (бұл былтырғы көрсеткіштен 52,5%-ға аз).

Екінші және үшінші орындарда Алматы (171,1 млрд тг, бір жылда -53,2%) мен Қарағанды облысы (27,2 млрд тг, бір жылда -29,5%) тұр.

Ал қызмет көлемі бойынша ең соңғы орынды Түркістан облысы (3 млрд тг) алады. 

Он жеті өңірдің ішінде қызмет көлемі ең елеулі өскен өңірлер қатарына Жамбыл облысы (3,1 есе) кірсе, керісінше, ең көп қысқарған өңір болып Алматы танылды.

Биылғы алғашқы жартыжылдықта көппәтерлі үйлер мен жекежайларды сатып алу және сату бойынша көрсетілген қызмет көлемі 33,8 млрд теңгені, ал басқа жылжымайтын бойынша 4,5 млрд теңгені құрады. 

Сектордағы барлық қызметтің үштен екісі жеке жылжымайтын мүлікті жалға беру мен басқару үлесіне тиеді. Мұнда жарты жыл ішінде көрсетілген қызмет көлемі 351,8 млрд теңгеге тең. 

Сатып алу-салу және баспананы жалға беру кезінде көрсетілген делдалдық қызмет көлемі 19%-ға (8 млрд тг) өсті. 

 

 

Барлық жаңалықтар