00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Келесі жылы тұрғын үй бағасы 30 пайызға қымбаттауы мүмкін бе?

24.02.2023 | 15:15
Елорда ақпарат
62

Бұл – Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиевтің болжамы. Айтуынша, қазір жалпы құрылыс заттары 30, 60, 90 пайызға өскен. Сондықтан өткен көктемдегіге қарағанда келесі жылы көктемде үйдің бір шаршы метрінің бағасы 25-30 пайызға дейін қымбаттауы тиіс екен.

Жауапты министрлік те тұрғын үй бағасының өсуіне бірнеше фактор әсер еткенін айтады. Пандемия кезінде өзге елдермен алыс-беріс тоқтап, құрылыс материалдарының тапшылығы сезілген. Сондай-ақ зейнетақы қорынан берілген қаржы да бағаның өсуіне себеп болып отыр. Дегенмен бағаның бірден 30 пайызға көтерілетініне келісу қиын.

«Осы уақытқа дейін ақшаны зейнетақы қорынан 1,5 триллион теңгеге дейін алуға болатын еді. Сол арқылы тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік болды. Оның әсерінен тұрғын үй бағасы 13-15 пайыз көтерілді. Ал қазір ондай факторлар мен болжамдар күтіліп отырған жоқ. Сондықтан 30 пайыздық қымбаттау болжамы негізсіз деп ойлаймын», - дейді индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, алдағы 4 жылда тұрғын үй салуға қажетті материалдың бәрі Қазақстанда өндіріліп, бағаны тұрақтандырады екен. Қазірдің өзінде ішкі нарықтың 60 пайызы отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілген көрінеді.

Бұл ретте бағаны алыпсатарлар мен сатушылар көтерген. Кейін оларды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мамандары сабасына түсіріпті.

Барлық жаңалықтар