00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Сымсыз интернет арқылы құрылыс, кәріз, туризмнің мәліметтер базасы жинақталды

24.02.2023 | 15:10
Елорда ақпарат
53

Карантин біздегі интернетпен қамтамасыз ету мәселесіндегі көптеген олқылықты көрсетіп берді. Ең қиыны, оларға желі арқылы ғаламтор жеткізу мүмкін емес. Себебі тиісті инженерлік-инфрақұрылым жоқ. Сондықтан біз Fixed Wirelees Access жүйесіне басымдық беріп отырмыз. Бұл жүйе сымсыз жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоба Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент сияқты мегополистердің маңындағы елді мекендерде жүзеге асырылып, тиімділігін көрсетті. Сондай-ақ бейнебақылау камераларының түсірілімдеріне сараптама жасау, оны қолдану мүмкіндігін арттыру бағытында да бірқатар ауқымды жоба іске асырылуда. Бұл жобалар арқылы біз құрылыс нысандарындағы жұмыс қарқыны, канализациядағы су деңгейі, туристік нысандарға келушілер сынды мәліметтер базасын жинақтай алдық. Бұл мәліметтер қаладағы коммуналдық шаруашылық, туризм саалалары бойынша тиісті шешім шығару үшін жергілікті әкімдікке берілді,  – деді Нұрлан Мейірманов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтанда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Түркі кеңесі өкілдерінің қатысуымен «Smart Сity Nur-Sultan» өңіраралық форумы өтті. 

Барлық жаңалықтар