00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бишімбаевтың сотында ағасы Салтанат Нүкенованың суретін көрсетті

29.03.2024 | 14:22
212
Фото: видеодан скриншот

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың соты онлайн трансляция арқылы берілді.  Онда соққыға жығылған Салтанат Нүкенованың суреттері көрсетілді. Оларды сотқа жәбірленушінің ағасы Айтбек Амангелді әкелді, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың отырысында марқұмның ағасы Айтбек Амангелді соққыға жығылған Салтанат Нүкенованың суреттерін көрсетті. Оның айтуынша, суретті Салтанаттың өзі жіберген.

-Мен телефонымды ашып, телефонымда осындай сипаттағы мына суреттерді көрдім. Мен бұл суреттерді барлығына 20 наурызда болған себеп-салдар әрекеттерінің байланысын түсінуі үшін көрсетіп отырмын. Бұл суреттерді Салтанаттан алдым, ол маған кешкі сағат 22:00-де жіберді. Әрине, Салтанат үшін, оның жағдайы үшін қорықтым, маған жіберді, бірдеңе жазды. Менің бірінші реакциям оған қоңырау шалу болды, - деді Нүкенованың ағасы.

Айтбек Амангелдінің айтуынша, Салтанатқа хабарласа алмағандықтан, Бишімбаевқа телефон соққан.

Мен одан: Не болып жатыр? Неге маған мұндай суреттер келіп жатыр? Не болды? деп сұрадым. Менің тарапымнан әдепсіз сөздер де болды. Ол маған: үйге кел, сөйлесеміз, үйдің алдында талқылаймыз деп жауап берді, - деп жалғастырды Айтбек Амангелді.

Салтанат Нүкенованың ағасының айтуынша, ол келген, бірақ Қуандық шықпаған. Сосын олардың пәтеріне барған. Оған есікті Бишімбаевтың бірінші некедегі қызы ашқан. Кейін пәтерге Қуандықтың өзі келген.

-Екеуміз жанжалдастық, мен одан: "Салтанат қайда?" деп сұрадым, ол: «Білмеймін», - деп жауап берді. Ол мені қолымнан ұстап, шығармақ болды, мен оны итеріп жібердім, сол кезде төбелесіп кеттік, - деді Нүкенованың ағасы сотта.

Ұқсас жаңалықтар