00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Әлімбаев көшесінің учаскесі жөндеуге жабылады

Әлімбаев көшесінің учаскесі жөндеуге жабылады
Фото: Бақтыгүл Бурбаева

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Амман көшесінен А.Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде М.Әлімбаев көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elorda.Info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты осы жылдың 14-16 маусымы аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады.

Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Барлық жаңалықтар