00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Елордада  «Бақытты отбасы» орталығындағы аналар ағаш отырғызды

Елордада  «Бақытты отбасы» орталығындағы аналар ағаш отырғызды
Фото: Elorda.info

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын «Бақытты отбасы» республикалық білім беру, ақпараттандыру әлеуметтік орталығы да қолдады, деп хабарлады Elorda.info.

Акцияға оқу орталығында ісмерлік пен іскерлікке үйреніп жүрген елордалық аналар қатысты.

Астанада «Таза Қа­зақстан» экоакциясы жалғасып жатыр. Көше та­за­­лығына атса­лы­самын деген ұжым­­дар мен ерік­ті­лердің қатары көбей­ді. Мәселен, спорт­шылар, өнер жұл­дыздары, та­нымал тұлғалар, қо­ғам қайраткерлері, де­пу­тат­тар, әкім­дік­тер мен министр­лік­тердің қыз­мет­­керлері, кәсіп­орын­дар мен ұйым­дардың ұжым­­­дары және тағы да басқа ел өміріне бей-жай қарай ал­майтын замандастары­мыздың аталған акцияға деген ын­­тасы жоғары. Міне, бүгін «Бақытты отбасы» орталығы ұжымы сенбілікке жиналып, мекеме маңына көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Ырза Тұрсынзада.

Айта кетейік, аталған орталық елордада 4 жылдан аса киелі қолөнеріміздің сан-алуан түрлерін жаңғырту және заман нарығына ілестіруді көп балалы, жұмыссыз және мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарға үйретіп келеді. Орталықта 16 бағыттан астам сабақтар ұйымдастырылған.

Барлық жаңалықтар