00:00
Астана -10oC
USD:
450.79
EUR:
482.21
RUB:
5.05
Іздеу

Елордада «Жарқын болашақтың кепілі-балалар» форумы өтті

31.03.2023 | 20:58
Елорда ақпарат
77

Бүгін Алматы ауданы әкімі аппаратының қолдауымен елордада «Жарқын болашақтың кепілі-балалар» форумы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға аудан әкімі Мақсат Саматұлы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Әнуар Жаңғозин, саясаткер, қазақстандық кәсіпкер, филантроп Ғабит Сатмағамбетов, кәсіпкер және меценат Бауыржан Қасымбергебаев, продюсер Азат Әбікен қатысты. 

Форум мақсаты білім беру олимпиадаларында, шығармашылық конкурстарда және спорттық жарыстарда жетекші орын алатын ауданның қабілетті және талантты оқушыларын ынталандыру және қолдау болып табылады. 

«Kazakhstan Students Association in China» қазақстандық студенттер жастар ұйымының негізін қалаушы Олжас Сүлейменов жастардың қатысуымен болатын іс-шараларды жиі өткізу керек екенін айтты. 

Бүгінгі форум маған өте ұнады. Себебі біздің жастарымыз өздерінің позитивтерімен өзгелерге энергия береді. Мен аудиторияға кіргенімде олардың көздері жанып тұрғанын көріп, олардың энергиясын сезіндім. Сондықтан мұндай кездесулерді мүмкіндігінше жиі ұйымдастырып, олардың сұрақтарына жауап беру керек деп санаймын. Біздің жастар алға қойған мақсатқа жетуі, өзіне сенуі, армандауы, өз Отанын сүюі, ата - аналарын құрметтеуі тиіс, - деді кәсіпкер. 

«Жаңа ұрпақ»  көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Әбжанов барлық қатысушыларға  өзінің негізгі ойларын жеткізуге тырысты.

Жастар әрқашан өзің қызықтыратын мәселелерге қатысты әрбір ортада сұрақ қоя білуі керек. Келіп, үнсіз отырудың қажеті жоқ. Қызығушылық білдіру арқылы біз дамып, жаңа деңгейге көтерілеміз. Сондай-ақ, біздің басымызда көптеген шектеулер, қорқыныш, күмән бар. Егер адамда сенім болса, бәріне қол жеткізуге болады. Және міндетті түрде армандап, мақсатқа жету керек. Осы қағидаттарды білетін өскелең ұрпақ үлкен жетістіктерге жететініне сенімдімін, - деді Асхат Әбжанов.

Айта кетейік, форумға 1-11 сыныптар аралығында 260 оқушы қатысты, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да болды. 

 

Барлық жаңалықтар