Елордалық құтқарушылар хоккей турниріндегі жеңісті Асқар Забикулинге арнады
![](/img/articles/uploads/638aec1fb14a1929362413_dc69b43d62.jpeg)
Елордалық құтқарушылар хоккей турниріндегі жеңісті Асқар Забикулинге арнады, деп хабарлады Elorda.info ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 1-2 желтоқсан аралығында Петропавлда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған құқық қорғау органдары арасында шайбалы хоккейден республикалық турнир өтті.
Турнир айналмалы жүйе бойынша өтіп, СҚО ТЖД «Қорғау» және «Арыстан» МҚКБ командаларының жекпе-жегінен басталды. Содан кейін Ақтөбе облысы ТЖД және Астана ТЖД командаларының матчі өтті, онда елордалық спортшылар жеңімпаз атанды.
БҚО ТЖД командасы мен «Арыстан» арасындағы жарыс МҚКБ өкілдерінің жеңісімен аяқталды. Полиция департаментінің «Динамо» командасы мен Астана ТЖД өрт сөндірушілері арасындағы хоккей ойындары астаналықтардың жеңісімен аяқталса, ал СҚО ТЖД мен БҚО ТЖД командалары арасындағы ойында солтүстік қазақстандықтар жеңіске жетті. Турнирдің бірінші күні Ақтөбе облысы ТЖД және «Динамо» командаларының кездесуімен аяқталды, онда Полиция департаментінің командасы жеңіске жетті.
Ойынның екінші күні Полиция департаментінің «Динамо» және елордалық ТЖД-ның «Құтқарушы» командалары күш сынасып, астаналықтар жеңіске жетті. Бұдан әрі елордалық құтқарушылардың мұздағы «жекпе-жегі» СҚО ТЖ департаментінің «Қорғау» командасымен өтті, онда да «Құтқарушы» командасы жеңіске жетті.
Нәтижесінде Астана ТЖД командасы жеңімпаз атанды, екінші орынды СҚО ТЖД өкілдері, үшінші орынды СҚО Полиция департаментінің командасы алды.
![](/img/articles/002241e225011e0352a445cc1a465c5f.jpg)
![](/img/articles/765aec1708d0e988502b3105beffce40.jpg)
![](/img/articles/94db08294900d325d7cf6510c58bdd95.jpg)
![](/img/articles/b7a73bd6aba0a60bf055919dd7741f73.jpeg)
![Астанада 8 млн теңгенің теледидарларын ұрлаған қала тұрғындары ұсталды](/img/articles/002241e225011e0352a445cc1a465c5f.jpg)
![Астанада ШЫҰ саммиті кезінде балабақшалар 2 күнге жабылады](/img/articles/765aec1708d0e988502b3105beffce40.jpg)
![«Smart Astana» мобильді қосымшасында жаңа функция іске қосылды](/img/articles/94db08294900d325d7cf6510c58bdd95.jpg)
![Астанада «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдау аяқталды](/img/articles/b7a73bd6aba0a60bf055919dd7741f73.jpeg)
![Елордада үш автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді](/img/articles/5737cb419ddcaadf7f3310065b4eb2aa.jpg)
![Саябақтар, гүлзарлар және веложол: «Мыңжылдық» аллеясының құрылысы қалай жүріп жатыр](/img/articles/0bf4e7d98910c7e6fb050d0a2ca6d9cd.jpeg)
![Астанада балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды](/img/articles/0a436e59069c02320582a38f2c915f0d.jpeg)
![Астаналық полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтады](/img/articles/f9b7949464e9e6ddd2a43a78954a76e1.jpeg)
![Астанада кәмелеттік жасқа толмағанды ұрып-соққан екі оқушы сотталды](/img/articles/553cd12cb209a6bee0a9ba91a8ef7fca.jpg)
![Елордалық тұрғын полицейлерге алғыс айтты](/img/articles/d63abb37bbcdfb006b7e3555f618c38c.jpg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![Елордада «Экоәлем» отбасылық шарасы өтті](/img/articles/029166054f08d192bf48ae2664a34f69.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)