00:00
Астана -10oC
USD:
440.9
EUR:
475.95
RUB:
4.82
Іздеу

Темекі өнімдерін таңбалау құны өзгерді ме?

03.07.2023 | 19:00
56
Фото: Miroslaw Dziadkowiec / Alamy via Legion Media

Темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшері айқындалды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 629 тиісті бұйрығы 2023 жылғы 25 маусымда күшіне енеді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Бұрын темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін.
Қазіргі таңда билік деңгейлері арасындағы өкілетіктерді қайта бөлу шеңберінде темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының мөлшері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құзіретіне берілген. 
Осыған орай, темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының мөлшері өзгеріссіз ҚҚС-сыз 2,68 тенгені құрайды.

Барлық жаңалықтар