00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Шетелдік әрбір турист елімізге бір жарым мың доллар табыс әкеледі

16.08.2023 | 16:00
44
Фото: Оңалхан Өнерхан

Әр шетелдік турист 2 жұмыс орнын ашуға себеп болады, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық банк дерегіне сәйкес Қазақстанға алыс шетелден келген 1 турист орта есеппен 1 500 доллар көлемінде табыс әкеледі. 

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Нәтижесінде туристік қызметтен түскен салық мөлшері 389 миллиард теңгеге дейін жетіп, рекордтық нәтиже тіркелді. Оның ішінде еліміздегі орналастыру орындары 183 млрд теңге табыс тапқан.

Елімізде соңғы екі жылда туризм саласында жұмыс істейтіндердің саны айтарлықтай өсіп, 500 мыңға жуықтады. Мәдениет және спорт министрлігі 2029 жылға дейін туризм саласында 800 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Барлық жаңалықтар