00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Президент: Қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны

19.04.2023 | 12:30
48
Фото: ашық дереккөз

2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияны алайық. Бұл қаражаттың тең жартысы субсидия алам деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген. Бұл туралы Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президенттің айтуынша, субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны.

Оның үстіне, субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес. Субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл түйткілді шеше алмай тұр, - деді Тоқаев.

Барлық жаңалықтар