00:00
Астана -10oC
USD:
440.9
EUR:
475.95
RUB:
4.82
Іздеу

МАЭК-ті жөндеуге 5 миллиардқа жуық қаржы бөлінді

19.07.2023 | 08:00
42
Фото: primeminister.kz

Үкімет Маңғыстау облысы әкімдігінің сұранысы бойынша МАЭК-те жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4,9 млрд теңге сомасында қаржы бөлді. Бұған қатысты ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«МАЭК» ЖШС ұсынған тізім негізінде қажетті қосалқы жабдықтар мен тораптарды (компоненттерді) сатып алуға қаржыландыру тетіктері қарастырылды. Апаттық жағдайдағы құрамдас бөліктерді ауыстыру электр стансаларының генерациялаушы жабдықтарын тоқтату және тұтынушылар үшін шектеулер енгізу тәуекелдерін барынша азайта отырып, жабдықтың техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға және жұмыс кезінде олардың сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді,- делінген Үкіметтің хабарламасында.

Еске сала кетейік, МАЭК пен АМӨЗ-де орын алған апаттардың себептерін тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес энергия кәсіпорындарының жұмысындағы жүйелік кемшіліктер анықталған болатын. Келешекте мұндай дағдарыстық жағдайлардың алдын алу үшін Үкімет бірқатар шұғыл әрі жүйелі шараларды қолға алмақ. Олардың қатарында «МАЭК» ЖШС-ны жаңғырту және күрделі жөндеу, батыс энергетика аймағын нығайту, АМӨЗ-ді сыртқы электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету және онда өзінің жеке энергия көзін салу, батыс аймақты Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен байланыстыру және т. б. бар.

Барлық жаңалықтар