00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізге келген туристер орта есеппен 4 күн саяхаттайды

12.10.2023 | 16:00
40
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың қаңтар, шілде айларында туристер арасында іріктемелі зерттеу жүргізді, деп хабарлады Elorda.info

Оған 22,4 мың шетелдік қатысты, оның 16,9 мыңы – Қазақстанға жеке мақсатпен келгендер, қалған 5,4 мыңы – іссапарға келген.

Сапарлаған өңірлер бойынша тізім басында Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысы. Туристердің 31% курорттық аймақтарға барған, оның ішінде туристердің негізгі үлесі Алматы тау кластерін таңдаған – 57,7%, тағы 14,7% Маңғыстау өңіріне барған.

Келушілер негізінен пойызбен (31,5%), ұшақпен (30,4%) және халықаралық автобуспен (22,8%) саяхаттап, туыстарына немесе таныстарында тоқтаған (52,3%), сондай-ақ, қонақүйлерге (24,9%), жалдамалы пәтерлер мен үйлерге (18,4%) және басқа орналастыру орындарына (4,4%) орналасқан.

Туристердің орташа алғандағы саяхат ұзақтығы – 4 күн. 

Келушілердің жалпы шығыны 3,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жеке мақсаттар бойынша 2,4 млрд теңге, іскерлік мақсатта 1,1 млрд теңге жұмсалған. 

Келушілер шығыстарының негізгі үлесі халықаралық және Қазақстан ішіндегі жол шығыны – 53,8% бен тамақтану – 15,3% болды. Шығындардың аз бөлігі орналастыру орындарында тұруға – 13%, тауарларды сатып алуға – 13,7% тиесілі.

Зерттеуге 66 елден келген туристер қатысты, келушілердің ең көп үлесі Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен болды.

Барлық жаңалықтар