00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Еліміздегі зергерлік бұйым сататын орындар тексеріледі

03.11.2023 | 13:00
76
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы СІМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Кез келген адам зергерлік бұйымдар сатып алады. Бірақ онда қазақстандық таңба болуға тиіс. Сатылатын зергерлік бұйымдардың сынамасы расталып әрі сараптамадан өтуі керек, - деді төраға ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Қуаныш Елікбаев бүгінде зергерлік бұйым сататын орындар талапты орындамай отырғанын жеткізді. Сондықтан комитет 2024 жылы кешенді тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр.

Қазақстанда тауар (зергерлік бұйым) сараптамадан өтпеген. Осындай 36 пайыз заң бұзушылық жойылды. Тауарлардың сынақтан өтпегені расталып, мемлекеттік органдарға хабар жіберілді. Нәтижесінде зергерлік бұйымдарды сату тоқтатылды. Бұған қарамастан зергерлік бұйымдарды сатушылардың 654 субъектісі талапты орындамады. Сондықтан келесі жылы кешенді тексеру жүргіземіз, - деді комитет төрағасы.

Барлық жаңалықтар