00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Базалық мөлшерлеме 15,25%-ға дейін төмендетілді

19.01.2024 | 13:00
42
Фото: дереккөзден

Жылдық инфляция 2023 жылдың соңына қарай бір таңбалы мәнге жетті. Айлық инфляция желтоқсанда орташа жылдық мәндерден біршама жоғары болды. Сыртқы инфляциялық процестер азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі мен орталық банктердің тежеу саясатына байланысты қолайлы қалыптасуда. Фискалдық ынталандырумен қамтамасыз етілген орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан ішкі экономикада инфляциялық қысым сақталып отыр.

Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер инфляцияның динамикасына және оның болжамды траекториясына қаншалықты сәйкес келетініне байланысты болады. 

Жылдық инфляция 2023 жылғы желтоқсанда 9,8%-ға дейін төмендеді, бұл Ұлттық Банктің болжамына сәйкес келеді. Баға өсімінің баяулауы жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатына, азық-түліктің әлемдік бағасының және өндіріс шығасыларының төмендеуіне, биліктің инфляцияға қарсы шараларына, сондай-ақ өткен жылғы жоғары база әсерінің ықпалына байланысты, - деді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Айлық инфляция орташа жылдық мәндерінен (0,7%) біраз жоғары қалыптасып, 0,8% болды. Тұтынушылық бағалардың орнықты бөлігін сипаттайтын базалық инфляция желтоқсан айында аздап жеделдеді. Жалпы алғанда, базалық және маусымдық факторларды ескермейтін инфляция көрсеткіштері бірнеше ай бойы тұрақты болып отыр. Бұл ретте олар әлі де белгіленген таргеттен жоғары.

Барлық жаңалықтар