00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Қазақстанда азық-түлікке салық салына ма?

24.05.2023 | 16:30
44
Фото: BAQ.KZ

Мәжіліс депутаты Маггерам Маггерамов Қазақстанда кейбір азық-түліктерге салық енгізуді сұрады. Онсыз да күн сайын қалтаны инфляция қағып, азық-түлік бағасы шарықтап тұрғанда мұнысы несі дерсіз. Дегенмен депутаттың бір ойлағаны бар екен. Мәжілісменнің айтуынша, бұл қадам зиянды тағамдарды тұтынуды азайтуға сеп болмақ, деп хабарлады Elorda.info

Айта кетейік, соңғы жылдары мұндай салық түрлерін Дания, Эквадор, Египет, Франция, Венгрия, Мексика, АҚШ және басқа да мемлекеттер енгізген. Медициналық ұйымдардың көрсеткіштері бойынша бұл жергілікті халықтың денсаулығына жақсы жағынан әсер еткен. Себебі салық өскесін тауар өндірушілер зиянды азық-түлік өндірісін азайтқан. Өйткені, сәйкесінше, бағасы қымбаттаған тауарларды сатып алушылар да азаятыны хақ. 

«Құланның қасуына мылтықтың басуы» дегендей, «бұл бағаның жаппай өсуіне әсер етпей ме, айлығын шайлығына жеткізе алмай отырған әлжуаз отбасылардың қалтасын қақпай ма?» десек, депутат оны да ойлап қойыпты.   

Зиянды тағамдарға салықты өсіріп, ал әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға пайдалы өнім сатып алулары үшін ваучерлер ұсынылса, - деді Маггерамов Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.

Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар