00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдеп қалған

01.04.2023 | 00:46
Елорда ақпарат
37

Былтыр елімізде 15,4 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 1,5 млн шаршы метрге аз көрсеткіш, деп хабарлады Elorda.info

Energyprom.kz сарапшылары көрсеткіштің төмендеуі 13 жылда алғаш рет байқалып отырғанын айтады. 2023 жылы жаңа салынған тұрғын үйлер көлемі тағы да қысқаруы мүмкін.

2022 жылы тұрғын үй нарығы дағдарыс кезеңінде дамыды. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 37,7 мың тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,1%-ға аз, - дейді сарапшылар.

Зерттеуде жазылғандай, бұл көрсеткіштер 2009 жылдан бері алғаш рет төмендеп отыр.

Осылайша, Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2021 жылғы 16,9 млн шаршы метрден 2022 жылғы 15,4 млн шаршы метрге дейін қысқарған.

Сарапшылар тұрғын үйді пайдалануға беру қарқынының төмендеуін құрылыс материалдарының қымбаттауымен, импорт пен логистикадағы қиындықтармен, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымның жоқтығымен байланыстырады.

2023 жылы тұрғын үй құрылысы көлемінің одан ары қысқаруы және қаржылай тұрғыдан тұрақсыз құрылыс салушылар нарықтан шығуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар