00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Зейнетақы қорының қазақстандықтардан алатын комиссиясы азаяды

01.04.2023 | 00:23
Елорда ақпарат
38

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларға көрсеткен қызметі үшін алатын комиссиясы 0,01 пайыздан 0,008 пайызға азаяды. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, мұндай норма Әлеуметтік кодекстің жаңартылған редакциясына еніп отыр.

Бүгінге дейін жинақтаушы зейнетақы қоры біздің зейнетақы жинағымыздан көрсеткен қызметі үшін 0,01 пайыз алып жүрген. Енді сол қызмет 0,01 пайыздан 0,008 пайызға түсті. Яғни, зейнетақы жинағынан алатын қаражат шотымызда көбірек қалатын болды, - деді Тамара Дүйсенова.

Барлық жаңалықтар