00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір жылда 15%-ға өскен

01.04.2023 | 00:22
Елорда ақпарат
40

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір жыл ішінде 15%-ға өсіп кетті. Бұл туралы Сенатта депутат Шәкәрім Бұқтұғұтов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Сонымен қатар 2050 жылға қарай Үкімет қарызының ЖІӨ-ге 45%-ға дейін өсуі болжанып отыр.

Бізде ішкі қаржыландыру көздері бар – зейнетақы қорында шамамен 15 трлн теңге, екінші деңгейдегі банктерде 14 трлн теңге, сондай-ақ Ұлттық қордың қаржысы бар. Негізінен ішкі көздерден қарыз алғанына қарамастан, қарыздарды өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстардың 1,5 есе өскені байқалады, олар 2023 жылы жалпы шығыстар көлемінің 20,5%-ын құрап отыр, - деп атап өтті Ш.Бұқтұғұтов.

Сенатор осыған байланысты Қазақстанның сыртқы қарыздары бойынша толыққанды аудит жүргізу және салынған қаржының экономикалық тиімділігі жөнінде Жоғары аудиторлық палатаға сұрақтар қойды.

Барлық жаңалықтар