00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астана мен Баку арасындағы рейстер саны артады

01.04.2023 | 00:22
Елорда ақпарат
36

2 маусымнан бастап "Fly Arystan" тасымалдаушысы Қазақстан мен Әзірбайжан астаналары арасында тұрақты жолаушылар рейстерін алғаш рет іске қосады, деп хабарлады Elorda.info.

Рейстер "Эйрбас-А320" әуе кемелерінде дүйсенбі және жұма күндері аптасына 2 рет жиілікпен орындалатын болады. Бұл әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді "Azerbaijan Airlines" әуекомпаниясы аптасына 2 рет жиілікпен орындайды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Әзірбайжанға тұрақты рейстерді Алматы – Баку бағыттары бойынша "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына 2 рет, Ақтау – Баку "Fly Arystan" және "Azerbaijan Airlines" әуе компаниялары аптасына 3 рет, сондай-ақ Ақтөбе-Баку "Qazaq Air" әуе компаниясы аптасына 2 рет орындайды.

Осылайша, елдер арасында орындалатын тұрақты рейстер саны аптасына 14 рейске дейін артады.

Екі астана арасындағы рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Барлық жаңалықтар