00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы тауар айналымы 27,6%-ға өсті

01.04.2023 | 00:09
Елорда ақпарат
41

Былтыр Қазақстанмен Еуропалық одақ арасындағы өзара тауар айналымы 40 млрд долларға жетті. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Еуропалық одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 160 млрд доллардан асады. 2022 жылдың 9 айында еуропалық инвестициялар ағыны 10%-ға өсіп, 8 млрд доллардан асты. Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 30% үлесі Еуропалық одаққа тиесілі. 2022 жылы тауар айналымының көлемі 2021 жылғы көрсеткіштен 27,6%-ға асып, 40 млрд долларды құрады. Бұл Ұлыбритания Еуропалық одақ құрамынан шыққаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Қарқынды өсу осы  жылы да жалғасып жатыр, - деді Роман Василенко.

Барлық жаңалықтар