00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

01.04.2023 | 00:05
Елорда ақпарат
35

Қазақстанда бір жыл ішінде қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 13%-ға, жаңа тұрғын үйлердің бағасы 14%-ға өскен, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылғы ақпанда абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,8%-ға өсті.

Өңірлік бөліністе бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар Ақтөбеде – 25,4%-ға және Ақтауда – 25,2%-ға өсті.

Өңірлік бөліністе баға келесідей өсті:

(Қайталама тұрғын үй нарығы)

- Семей - 41%,

- Қызылорда - 39,9%,

- Ақтөбе - 36,9%,

- Ақтау - 35,4%,

- Қостанай - 30,9%.

(Жалдау нарығы)

- Көкшетау - 53,7%,

- Қостанай - 51,9%,

- Алматы - 49,6%,

- Петропавл - 49,3%.

Сондай-ақ бір ай ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,3%-ға, пәтерді қайта сату бағасы 0,4%-ға өсті. Қаңтар айында абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы өткен аймен салыстырғанда 0,2%-ға өсті.

Барлық жаңалықтар