00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Банкрот болғандар жоғары жалақы ала ала ма – Қаржы министрлігі

31.03.2023 | 23:38
Елорда ақпарат
36

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов банкрот деп танылған адамдар жалақысы жоғары жұмысқа орналаса ала ма деген сұраққа түсініктеме берді, деп хабарлады Elorda.info Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметiнiң өкiлдерi банкрот деп танылған азамат ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен бiрнеше есе жоғары жалақыға жұмысқа тұрған жағдайда не болатынын сұрады.

Банкроттықтан кейін, айталық, заңды түрде жұмысқа тұрып, жалақы ала бастаған адамдарға келетін болсақ, оларға ешқандай шектеулер мен айыппұлдар қолданылмайды, өйткені бұл еңбек қатынастары, ал егер ол жоғары білікті маман болса, ол жоғары жалақы алуға толық құқығы бар, - деді Қайрат Миятов.

Сондай-ақ ол банкроттық бірқатар өте ауыр зардапқа әкеп соқтыратынын еске салып өтті. Оның ішінде несие алуға бес жылға шектеу қою және борышкердің жағдайын қаржылық бақылау бар.

Барлық жаңалықтар