00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Бизнеске берілетін гранттарға өтінім қабылдау басталды

31.03.2023 | 23:09
Елорда ақпарат
31

Business.enbek.kz порталында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Жоба аясында биыл 9 мың грант бөлініп отыр. Мемлекеттік грант сомасы – 1 млн 380 мың теңге.

Оқи отырыңыз: 1,3 млн теңге: Қайтарымсыз грант алуға өтінім қабылдау қашан басталады

Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Грант алуға өтініш беру үшін:

- Business.enbek.kz порталында тіркелу керек;

- Грант алу шарттарының сәйкестігіне тексеруден өту қажет;

- Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтырып, кейін порталға енгізу керек;

- ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Барлық жаңалықтар