00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қор нарығында доллар қымбаттады

31.03.2023 | 22:02
Елорда ақпарат
33

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлады Elorda.info.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,23 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 464,09 теңге.

Ұлттық банктің 17 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 462,69 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,76 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 466, 5 теңге.

Ал Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 467 теңге.

Ресей рублі 6,57 – 6,67 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Барлық жаңалықтар