00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Қазақстанға шетелдік инвестициялар ағыны 17,8%-ға өсті

31.03.2023 | 21:34
Елорда ақпарат
31

Ұлттық банкінің деректері бойынша биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны 22,1 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға өсуді көрсетті ($18,7 млрд). 2022 жылдың үш тоқсанының көрсеткіші бүкіл 2021 жылы тартылған инвестициялар көлемімен салыстыруға болады ($23,8 млрд), деп хабарлады Elorda.info.

Өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар ағынының (+36,9%) ТШИ жалпы көлемінің 22,3% үлесімен $4,9 млрд деңгейіне дейін өсуі назар аударарлық. Ауыл шаруашылығында өсім 247% ($23,5 млн) құрады, құрылыста: 87,8% (684,3 млн), көтерме және бөлшек саудада: 32,6% (3,8 млрд), көлік пен қоймада: 20,1% (938,7 млн), тау-кен өнеркәсібінде: 11,7% ($10,1 млрд).

Қазақстанға ең көп инвестициялар салған елдер тізіміне Нидерланд ($5,5 млрд), АҚШ ($5 млрд), Швейцария ($2,6 млрд), Бельгия ($1,3 млрд), РФ ($1,3 млрд) және Оңтүстік Корея ($1,1 млрд) кірді. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореядан ТШИ ағыны екіжақты қатынастар тарихында рекордтық көрсеткішке жетті.

ТШИ ағыны өсуінің оң динамикасы – елімізге инвестициялар ағынына қысым жасайтын сыртқы факторларға қарамастан, шетелдік инвесторлардың елімізге және жүргізіліп жатқан реформаларға сенімінің дәлелі.

Барлық жаңалықтар