00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

2023 жылғы ақпан айына сыйақының шекті мөлшерлемелері бекітілді

31.03.2023 | 21:31
Елорда ақпарат
44

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры 2023 жылғы ақпан айына теңгемен депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді бекітті, деп хабарлады Elorda.info.

Zakon.kz жазуынша, барлық депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және қаңтар айындағы мәндер деңгейінде сақталды.

Мерзімсіз депозиттер бойынша ақпан айындағы мөлшерлеме 16,3% болды.

Мерзімді депозиттер бойынша 3 және 6 айға толтырылмайтын депозиттерге 17,3%, 12 айға  4,8% және 24 айға 10,7% болды.

ҚДКБҚ екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді өзгерту туралы шешімдерді өз бетінше қабылдайтынын еске салып кетті.

 

Барлық жаңалықтар