Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлады Elorda.info.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,13 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 465,95 теңге.
Ұлттық банктің 24 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 462,65 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана бойынша сату бағамы – 463,7 теңгеден болса, сатып алу құны – 466,7 теңге.
Ал Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 464,5 теңге, сатып алу – 467,5 теңге.
Ресей рублі 7,34 – 7,39 теңге аралығында саудаланып жатыр.