00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстанда бір жылдан кейін газ тапшылығы болуы мүмкін

31.03.2023 | 19:46
Елорда ақпарат
36

Қазақстанда бір жылдан кейін газ тапшылығы күтіледі, деп хабарлады Elorda.info.

 LS сайты жазғандай, Энергетика министрлігінің болжамы бойынша, ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін отандық көгілдір отынның жетіспеушілігі 2024 жылдан бастап болуы мүмкін. Оған себеп мұнай-газ химиясы, электр энергетикасы және өнеркәсіптік кәсіпорындардың перспективалы жобаларын іске қосу және соның салдарынан тұтынуды ұлғайту болмақ.

Қосымша газ ресурстарын тарту қажет болған жағдайда көрші елдерден, оның ішінде Ресей мен Түрікменстаннан газ импорты мәселесі пысықталады, - деп түсіндірді Энергетика министрлігінен.

Сондай-ақ министрлікте ағымдағы тұтыну деңгейінде тауарлық газдың қолда бар ресурстары халықтың қажеттіліктерін 2030 жылға дейін жабуға қабілетті екенін айтты.

 

Барлық жаңалықтар