00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандықтардың кредит қарызы 21 трлн теңгеден асты

31.03.2023 | 19:40
Елорда ақпарат
31

Елде ипотекалық несиелеу үлесі 29 пайызға артқан, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бір айда банктердің экономиканы несиелеу көлемі 21 трлн теңгеден асты. Осылайша, жылға шаққандағы өсім 24 жарым процентті құрады. Тұтынушылық кредиттеу біршама бәсеңдесе де, жоғары өсу қарқынын сақтап тұр. Бұл 7 млрд теңге.

Мамандардың айтуынша, теңгедегі кредиттердің үлесі өткен айдың соңында 91 процентті құраған. Осы ұлттық валютадағы несие бір айда 19 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Әсіресе жеке тұлғалардың берешегі еселеп артты. Сондай-ақ қысқа мерзімді кредиттер сұраныста.

Қазанның бірінен бері қазақстандықтардың несие тарихы күн сайын жаңарады. Арнайы деректер бірінші несиелеу бюросына уақыт оздырмау түсіп отыруы тиіс. Осы арқылы алаяқтардың бір мезетте бірнеше банктен несие рәсімдеуіне жол бермеу көзделген.

Бүгінде 7 млн қазақстандықтың банктерге қарызы бар екені белгілі.
 

Барлық жаңалықтар