00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

2023 жылы инфляция 7,5-9,5% деңгейінде белгіленді – министр

31.03.2023 | 19:14
Елорда ақпарат
35

Инфляция 2023 жылы 7,5 – 9,5 % деңгейінде, 2024 жылы – 4-5%, 2025-2027 жылдары 3-4% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Номиналды жалпы ішкі өнім 120,7 трлн теңгеден 176,6 трлн теңгеге дейін өседі. Мұнай өндіру 2023 жылы 92,6 млн тоннаны құрап, 2027 жылы 99,9 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт 80,9 млрд АҚШ долларынан 84,6 млрд АҚШ долларына дейін, импорт 45,7 млрд АҚШ долларынан 53,5 млрд АҚШ долларына дейін өседі, - деді министр.

Министрдің айтуынша, республикалық бюджеттің кірістері 2025 жылға қарай 17,2%-ға өсуі күтіліп отыр.

Республикалық бюджет шығыстары 2023 жылғы 21,0 трлн теңгеден 2025 жылы 22,7 трлн теңгеге дейін біртіндеп ұлғаяды деп болжам бар. Жалпы ішкі өнімге қатысты олардың 2023 жылы 17,4%-дан 2024-2025 жылдары 16%-ға дейін төмендеуі болжанады, - деді Ә.Қуантыров.

Барлық жаңалықтар