00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Мәжіліс кепілдендірілген трансфертке қатысты құжатты мақұлдады

31.03.2023 | 19:13
Елорда ақпарат
11

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023-2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров заң жобасы Бюджет кодексінің жаңа талаптарын ескере отырып әзірленгенін айтты.

Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферттің көлемі жаңа бюджеттік қағидаға сәйкес мұнайға кесімді бағаны ескере отырып айқындалды және болжам бойынша мұнай секторы ұйымдарынан Ұлттық қорға түсетін тікелей салықтардың көлемінен аспайтын болады. Бұл ретте, заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы баррелліне 2023 жылы 48,9 АҚШ доллары, 2024-2025 жылдары 42,2 – 40,3 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді, - деді министр.

Министрдің айтуынша, республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2023 жылы 2,2 трлн теңге, одан әрі 2024 жылы 2,0 трлн теңге және 2025 жылы 1,9 трлн теңге көлемінде айқындалды. 

Жоспарлы кезеңде қағидаларды қолдану Ұлттық қордың валюталық активтерін 2023 жылы 66,7 млрд АҚШ долларына дейін қалпына келтіруге, одан әрі 2024-2025 жылдары
78,8-93,2 млрд АҚШ долларына дейін арттыруға ықпал етеді. Біздің болжамымыз бойынша, Ұлттық қордан тартылатын кепілдендірілген трансферттің көлеміне және орта мерзімді кезеңде шығыстардың өсу қарқынына жоғарғы шекті белгілеу фискалдық тәртіпті арттыруға және Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтуге мүмкіндік береді, - деді Ә.Қуантыров.

Бұл Заң жобасын уақытылы қабылдау жоспарлы кезеңде республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге және осы ретте Ұлттық қордың тұрақтандыру функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар