00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Ұн да, бидай да көп»: Неге нан бағасы қымбаттап кетті

31.03.2023 | 18:00
ҒаниАтымтай
36

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда нан бағасы неге қымбаттап кеткенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

4 қазанда нан 11,9%-ға қымбаттады. Бәріңіз білесіздер, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қаңтардан қыркүйекке дейін арзандатылған астық жеткізді. Қазаннан бастап жыл аяғына дейін өңірлер жаңа егінге қатысты баға қояды, – деді ол кулуарда журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Оқи отырыңыз: Елімізде нан бағасы бір жылда шамамен 20%-ға қымбаттап кеткен

Елімізде 15,9 млн тонна астық жиналды

Сондай-ақ министр нан бірнеше себеппен қымбаттауы мүмкін екенін де айтты.

Компоненттер, электр энергиясы қымбаттап жатыр, коммуналдық қызметтер. Сондықтан, жалпы бағаның өсуі бар, оны көріп отырмыз. Қаңтардан бастап бағаны тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдаймыз. Жалпы, бағаның шарықтауына негіз жоқ. Өйткені ұн былтырғымен салыстырғанда көбірек өндіріледі, бидай көп, тіпті орташа жылдық өнімнен де жоғары. Тұрақтандыру қорына биыл миллион тонна астық жинауды жоспарлап отырмыз. Оның 900 мың тоннасы – бидай. Бар қорларды ескере отырып, барлық әлеуметтік маңызы бар өнім, оның ішінде әлеуметтік ұн бағасын толығымен сақтаймыз, – деп түсіндірді Қарашөкеев.

Барлық жаңалықтар