00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстанда 9 айда азық-түлік тауарларын өндіру қанша пайызға артты

Ұлттық экономика министрі Үкімет отырысындағы баяндамасында осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде өндіріс көлемі 4,6%-ға өскенін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша өсу қарқыны машина жасау өндірісінде 7,6%, оның ішінде автомобиль жасауда – 17,8% және электр жабдықтарын жасауда – 11,5%, сондай-ақ азық-түлік тауарларды – 3,7%, сусындарды – 7%, пластмасса бұйымдарды – 4,9%, дайын металл бұйымдарды – 2,5%, химия өнеркәсібі тауарларды – 10,7% және киім өндірісінде – 7,3%-ды құрады. Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,1%-ға ұлғайды, – деді Ә. Қуантыров. 

Министр өз баяндамасында өндірістің өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде 8,9%-ке төмендеуі тіркелгенін айтты.

Барлық жаңалықтар