00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астана атауы қайтарылған жағдайда қосымша қаражат қажет етілмейді – Қаржы министрлігі

31.03.2023 | 17:04
Елорда ақпарат
42

Парламент Қазақстан астанасына бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаса, қосымша ақша талап етілмейді, деп хабарлады Elorda.info Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Егер Парламент елорданың бұрынғы атауын мемлекеттік органдарға қайтару туралы шешім қабылдаса, қаржы негізінен ғимараттардағы маңдайшаларды ауыстыруға және бланк өнімдерін ауыстыруға қажет болады, - делінген хабарламада.

Бұл ретте, Қаржы министрлігі мәліметінше, бұл мемлекеттік органдардағы көптеген процесті цифрландыруды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Бұл шараларды мемлекеттік органдарды ұстауға арналған қаражат аясында, қосымша ақша бөлмей-ақ жүзеге асыруға болады. Басқаша айтқанда, қосымша қаражат қажет етілмейді, - деп толықтырды министрлік өкілдері.

Барлық жаңалықтар