00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 17,4 пайызға өскен

31.03.2023 | 17:01
Елорда ақпарат
40

2022 жылғы тамызда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша мәмілелер саны 35 686 құрады және 2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда 17,4% өсті, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәмілелердің саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары көш бастап тұр, тиісінше 6 392 және 6 389 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір Ұлытау облысы – 412. Тамыз айындағы ең үлкен төмендеу Шығыс Қазақстан (-37,5%) және Алматы (-25%) облыстарында орын алды, бұл аймақтардың бөлінуіне байланысты болды. Бұл ретте, Қарағанды облысында мәмілелердің саны небәрі -5,7% құрады, бұл мәмілелер саны бойынша облыстың жетекші позицияда болғанымен түсіндіріледі.

Мәмілелердің 74,3% көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша жасалған, сатылымдағы жеке үйлердің үлесі қалған 25,7% құрады. Жыл басынан бері алғаш рет бір бөлмелі пәтерлер бойынша жасалған шарттар саны екі бөлмелі пәтерлер сұранысынан асып түсті, тамызда 9 789 бір бөлмелі пәтер рәсімделген. Ол бойынша ең көп мәмілелер Нұр-Сұлтан (2 888) және Алматы (2 687) қалаларында жасалған.

2022 жылғы шілде айымен салыстырғанда жеке үйлер бойынша мәмілелер санының төмендеуі ШҚО (-46,6%), Алматы облысы ( -24,6%) және Ақтөбе облыстарында (2,4%) сақталды. Керісінше, алып-сату шарттарының өсуі Нұр-Сұлтан (+25,3%) және Алматы қалаларында тіркелді.

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері туралы кестемен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Барлық жаңалықтар