00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Отандық кәсіпкерлердің шығындары 18 пайызға өсті

25.02.2023 | 09:06
Елорда ақпарат
41

Finprom.kz мәліметінше, жалақы қорына 11 триллион теңгеге жуық қаржы түскен. 2021 жылы заңды тұлғалардың жұмыс күшін ұстауға жұмсалған шығындарының көлемі 12,4 трлн теңгені құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда бірден 17,8%-ға артық.

Өңірлік бөліністе жұмыс күшін ұстауға Алматы мен Нұр-сұлтан кәсіпкерлері ең көп қаржы жұмсады, яғни 1,9 трлн және 1,3 трлн теңге. Одан кейін Атырау (1,2 трлн теңге) және Қарағанды (1,1трлн теңге) облыстары тұр. Жұмыс күшін ұстауға жұмсалатын шығындар құрылымында 86,8%-ы қызметкерлердің жалақы қорына тиесілі. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 18,7%-ға артық.

Біржолғы төлемдер мен сыйлықақыларға-1,5 трлн теңге, жұмыс істелмеген уақыт үшін ақы төлеуге- 870,7 млрд теңге, жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдеріне – 523,1 млрд теңге түсті. Едәуір бөлігі жұмыс күшін пайдалануға байланысты салықтарға (693,2 млрд тг) және қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға арналған шығыстарға (663,3 млрд тг) тиесілі болды.

Бұдан басқа, 2021 жылы қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шығыстар 79,6 млрд теңге, қызметкерлерді оқытуға -32,6 млрд теңге, мәдени іс-шараларды өткізуге, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыруға-17,6 млрд теңге жұмсалған.

Барлық жаңалықтар